Ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты үш облыста жол жабылғанын мәлімдеді.

29 желтоқсан сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 1013-1048 шақырым аралығында (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін) автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 05:00-те жолды ашу жоспарланған.
Сонымен қатар сағат 18:00-де Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 971-1013 шақырым аралығында (Қалбатау-Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 05:00-те жолды ашу жоспарланған.
Сағат 19:00-де Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 1570-1911 шақырым аралығында (Төретам-Бәйгеқұм) автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған.
2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 01:00-де жолды ашу жоспарланған.
Бұған дейін Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар екі учаске бойынша көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін жазған болатынбыз.