18:31, 09 Қаңтар 2025 | GMT +5
Ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл облысында жол жабылды
ТАРАЗ.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады.
- 2025 жылғы 9 қаңтар сағат 18:30-да Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскеде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.
Жолды 10 қантар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл облысында жол жабылатынын жазған болатынбыз.