Ауа райының қолайсыздығына байланысты жеті облыста көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңіріндегі республикалық маңызы бар жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

жол жабылды
Фото: Дарья Аверченко /Kazinform

Ұлытау облысы:

- «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» 64-137-шақырым аралығында (Жезді ауылынан Ұлытау кентіне дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. 

- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 759-788-шақырым аралығында (Жаңаарқа кенті — Қарағанды облысының шекарасы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.

Қостанай облысы: 

- «Қостанай — Мамлютка» KAZ18 автожолының 250-402-шақырым аралығында (Ұзынкөл ауылынан — Тобыл қаласына дейін) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.

Солтүстік-Қазақстан облысы: 

 - «Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы (Қызылжар өткізу пункті)» автожолының 11-73-шақырым аралығы (Петропавл қаласы — РФ шекарасы); 

- «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы (Бидайық өткізу пункті)» автожолының 50-280-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — РФ шекарасы); 

- «РФ шекарасы (Қарақоға өткізу пункті) — Петропавл» автожолының 0-120-шақырым аралығы (РФ шекарасы — Петропавл қаласы); 

- «Астана — Көкшетау (айналып өту жолымен) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңажол өткізу пункті)» автожолының 496-522-шақырым аралығы (Петропавл қаласы — Мамлютка қаласы).

Ақтөбе облысы: 

- «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153-шақырым аралығында («Эко Ойл» ЖҚС — Ырғыз ауылы) жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі. 

Ақмола облысы:

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92-шақырым аралығы («Жібек жолы» ақы алу пункті — Қарағанды облысының шекарасы); 

- «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолының 35-51-шақырым аралығы (Қабанбай батыр ауылы — Қарағанды облысының шекарасы);

- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16-200-шақырым аралығы (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы). 

- «Көкшетау — Атбасар» автожолының 47-184-шақырым аралығында (Зеренді ауылы — Атбасар қаласы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.

Павлодар облысы: 

- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200-254-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Шідерті кенті).

- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206-шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті).

- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 254-310-шақырым аралығында (Шідерті кенті — Екібастұз қаласы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.

- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 310-415-шақырым аралығы (Екібастұз қаласы — Атамекен кенті);

- «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 0-137-шақырым аралығы (Қалқаман ауылы — Баянауыл ауылы).

Қарағанды облысы:

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау ақы алу пункті); 

- «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолының 51-266 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау қаласы); 

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 248-359-шақырым аралығында (Атамекен кенті — Ақсу-Аюлы ауылы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. 

- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 970-1135-шақырым аралығы (Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы).

- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 788-906-шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы — Топар кенті); - «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Боғас» автожолының 17-217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы — Қарқаралы қаласы). 

Аталған жол учаскелерін 2026 жылғы 23 ақпан күні сағат 7:00-де, 8:00-де және 09:00-де кезең-кезеңімен ашу жоспарланған.

Еске сала кетсек, кеше ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысы шектелді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум