22:31, 08 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы облысында жол жабылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - ҚазАвтоЖол Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
– 2025 жылғы 8 желтоқсан сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты «Астана - Қарағанды - Алматы» автожолының 2295-2436 шақырымы аралығында (Қаншеңгел ауылынан Ақсай ауылына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
Жолды 2025 жылғы 9 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін ауа райына байланысты Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған едік.