АУА РАЙЫ: 15 маусым күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында және солтүстігінде жаңбыр, найзағай болады, республиканың шығысында бұршақ болуы ықтимал. Кей жерлерінде жел күшеюі ықтимал, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Қазақстанның солтүстік-батысының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан кей жерлерінде, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар
telegram