АУА РАЙЫ: 21 маусымда елдің батысында күн ысып, шығысында бұршақ жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 маусымда Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Павлодар,  күндіз  Ақмола,  Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді. 

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, түнде кей жерлерде тұман күтіледі.

Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарының жел 15-20 м/с-ге күшейеді,  күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан,  Маңғыстау облыстарының  кей жерлерінде аптап ыстық  болады. Атырау облысында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар