АУА РАЙЫ: БҚО мен Ақтөбе облысында ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

АУА РАЙЫ: БҚО мен Ақтөбе облысында ескерту жарияланды

«27 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді. Орал қаласында 27 шілдеде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-ға жетеді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 27 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерінде жылдамдығы 18 м/с-ға жетеді.

Ақтөбе қаласында 27 шілдеде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с болады.