АУА РАЙЫ: Бүгін елімізде жауын-шашын болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшейуі күтіледі.

АУА РАЙЫ: Бүгін елімізде жауын-шашын болмайды

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейуі күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейуі күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, желдің жылдамдығы 18 м/с-ға дейін күшейуі күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.