АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, қар жаумайды, тек батыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшеюі күтіледі.

АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түседі

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысында Жалаңашкөл аймағында жел 18-23, екпіні 28 м/с-ға дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болады.