АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, тек еліміздің шығыс өңірінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте түнде көктайғақ болады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының  кей жерлерінде  тұман болады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram