АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, кей жерлерде тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшейуі күтіледі.

АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, кей жерлерде тұман түседі

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с болады.

Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, түнде желдің күші 15-20 м/с болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады.

Атырау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі.