АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік шығысында күн қатты ысиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, шығыста күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың солтүстігінің кей жерлерінде тұман түседі. Тек республиканың батысы және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, оңтүстік, оңтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде және таңертен Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.  Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық сақталады. Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram