АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің оңтүстік өңірінде шаңды дауыл соғып, солтүстігінде қатқақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр сақталады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Кей жерлерде тұман болып, желдің күшеюі күтіледі.

АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің оңтүстік өңірінде шаңды дауыл соғып, солтүстігінде қатқақ болады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 19-24 м/с болады, түнде кей жерлерде тұман байқалады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз желдің екпіні 25 м/с шамасында күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.