Ауа райы: Бүгін еліміздің солтүстігінде бұршақ жауады, батыс өңірлерде күн ысиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген бөліктерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
None
None

Тек республиканың оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қатты ыстық болады. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөліктерінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар