08:07, 01 Мамыр 2017 | GMT +5
Ауа райы: Елдің батысында ғана күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстік пен оңтүстік шығыста, солтүстікте жаңбыр жауады. Тек оңтүстік батыста ғана күн ашық, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сілтеме жасай отырып.
Кей жерлерге тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін және жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан күндіз Маңғыстау облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай облысының кейбір аймақтарына тұман түседі.