АУА РАЙЫ: Еліміздің басым бөлігінде күн жылынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш күнде еліміздің басым аймағында ауа температурасы қалыптыдан жоғары болады деп болжап отыр.
None
None

Сібір антициклоны Қазақстанның ауа райына әсер етті. Сондықтан, алдағы үш тәулікте республиканың басым облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болады.

Алайда, тропосферада ауа ағыны батыс және оңтүстік-батыс бағытымен өтуіне байланысты, ауа температурасы климаттық қалыптылықтан 5-10 градусқа жылы болады, деп хабарлады «Қазгидрометтің» баспасөз қызметінен.
Қазақстанның батыс және солтүстік аудандары ғана жылы атмосфералық фронттардың ықпалында болып, кей жерлерде қар жауады, жел 15-20 м/с дейін жетіп, көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар