15:51, 01 Сәуір 2016 | GMT +5
АУА РАЙЫ: Қазақстанда алдағы демалыс күндері жауын-шашынды болмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігі жауын-шашынды болады.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, сәуірде Қазақстандағы климаттық мәліметтер бойынша, жауын-шашанның ең көп мөлшері түседі.
«Әуелі оңтүстіктен, одан кейін Еуропалық Ресейден келетін циклондарға байланысты күн бұлтты, жауын-шашынды болмақ. Температура климаттық нормадан 4-8 градус жоғары болады және батыс облыстарда ғана ол нормаға дейін, кей жерлерде нормадан төмен түседі», - делінген хабарламада.