06:03, 19 Мамыр 2015 | GMT +5
АУА РАЙЫ: Қазақстанда басым бөлігінде күн жаңбырлы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфераның фронтальді бөлімдерінің көшуіне байланысты күн жаңбырлы болып, кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлады «Қазгидромед».

Атап айтқанда, Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және күндіз Қызылорда, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысының кей аумағында тұман түсіп, жел күшейеді (15-20 м/с). Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, түнде және таңда тұман түседі. Сонымен қатар, алдағы тәулікте Қазақстан өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.