АУА РАЙЫ: Қазақстанның төрт облысында 40-45 градусқа дейін ыстық түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың төрт облысында қатты ыстыққа байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

АУА РАЙЫ: Қазақстанның төрт облысында 40-45 градусқа дейін ыстық түседі

Осылайша, 5-7 шілде аралығында Қызылорда, 6-9 шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстарында 42-45 грудсқа дейін қатты ыстық күтілуде.

6-9 шілде күндері Жамбыл облысының кей жерлерінде 43 градусқа дейін, ал Алматы облысының кей жерлерінде 40 градусқа дейін аптап ыстық болуы мүмкін.