АУА РАЙЫ: Сәрсенбіде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр және бұршақ жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 маусымда Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Алматы, Жамбыл, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Ақтөбе, Қостанай, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Күндіз бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Атырау облысының кей жерлерінде  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар