АУА РАЙЫ: Сейсенбіде солтүстік өңірлерде қар жауып, боран соғады

Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 17-22 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Екпіні 23-28 м/с-ге жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.