АУА РАЙЫ: Солтүстік облыстарда -3 градусқа дейін қатқақ жүреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігі жоғарғы қысым әсерінде болатындықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек Республиканың батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай сақталады. Кей жерлерде шаңды бұрқасын соғып, жел соғады, оңтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін.

АУА РАЙЫ: Солтүстік облыстарда -3 градусқа дейін қатқақ жүреді

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с-ға дейін күшейеді, шаңды бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік сақталады.