АУА РАЙЫ: Солтүстікте, шығыста және орталық өңірде қатқақ жүріп, тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай болады. Солтүстікте, шығыста және елдің орталығында үсік күтіледі, тұман болады. Кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болады.

АУА РАЙЫ: Солтүстікте, шығыста және орталық өңірде қатқақ жүріп, тұман түседі

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі, шаңды дауыл болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,  Алматы облыстарында, Қарағанды, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қостанай  облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.