16:56, 26 Наурыз 2018 | GMT +5
Ауа райы: Үш облыста және Алматыда ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш облысында және Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«27 наурызда күннің жылынуы және күшті жаңбыр жауу мүмкіндігіне байланысты Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендер арнасынан тасуы ықтимал», - делінген хабарламада.
27-28 наурызда күшті жаңбыр жаууына байланысты Алматы қаласында және Алматы облысында өзендер арнасынан тасуы мүмкін.