Ауа райына байланысты Астананың жол полициясы жүргізушілерді сақ болуға шақырады

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Жүргізушілер жолда өте сақ болып, жол жүру ережесін мүлтіксіз сақтауы қажет. Апаттық жағдайларға әкелетін кілт маневр жасап, тежегішті баспауы керек. Бұл туралы astana.kz жазады.
None
None

Астана қаласы ІІД-нің Жол полициясы басқармасы автомобиль иелерін қарлы-жаңбырлы қатқақтан кейін жолда жүргенде өте ұстамды болуға шақырады. Әсіресе, қарсы жол бөлігіне шығып кету, бірден қатты қозғалып, тежеуішті басу қауіпті екенін ескертеді.

Сонымен қатар, қатты жылдамдықта машина тайып, басқарылмай кетуі мүмкін. Мұндай жағдайдан арнайы машық пен дағды болмаса, шығу өте қиын.

Сондай-ақ, тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілердің де жол бойында, әсіресе, жол қиылыстарынан өтерде өте сақ болуы талап етіледі. Жаяу жүргінші автомобильді кез келген уақытта кілт тоқтату мүмкін еместігін қатаң ескеруі қажет. Әсіресе, қыс кезінде тежелу арақашықтығы едәуір ұлғаяды.

Жол басқармасы әр жүргізушіден жолға шығарда мұқият ойлануын сұрайды. Ауа райы күрт нашарлаған кезде кешкі, түнгі мезгілде алыс жолға шығудан тоқтала тұрған да дұрыс болады.

Соңғы жаңалықтар