10:00, 19 Қараша 2011 | GMT +5
Ауа райының бұзылуына орай сенбіде Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
ТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, 19 қараша, сенбі күні Батыс Қазақстан облысынан басқа Қазақстанның барлық аумағында қар жауады.
Бұрқасын мен күшті желдерге байланысты ескерту Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында жарияланды. Аталмыш өңірлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ескерту тұман мен көктайғаққа байланысты жасалды.
Астанада синоптиктердің болжауынша, 19 қараша күні қар жауады, күндіз ауа температурасы -5-7 градус болады. Ал Алматы қаласында оқтын-оқтын қар жауып, тұман түседі. Күндіз 2 градусқа дейін жылы болады.