Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты 3 облыста жолдар жабылды

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарының қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы "Қазақавтожол" РМК хабарлайды.
None
None

Шығыс Қазақстан облысы.
Қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды:
"Өскемен-Шемонайха-РФ шекара" 54-123 шақырымы "Первомайка-РФ шекара" аралығында;
"Алматы-Өскемен" а/ж 977-1075 шақырымы "Қалбатау-Өскемен";
"Өскемен-Зырян-Рахман қайнары" 6-92 шақырымы "Степное-Жаңа Бұқтырма";
"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 320-707 шақырымы "Аягөз-Ақсуат";
"Өскемен-Риддер" 15-105 шақырымы "Белоусовка-Риддер";
"Өскемен-Семей" а/ж 8-198 шақырымы

Қарағанды облысы.
25 қаңтар сағат 19.00 бастап қолайсыз ауа райына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты барлық бағыттарда қоғамдық және жүк автокөліктерінің түрлеріне жол қозғалысына шектеу қойылды.
Кеше сағат 19.35 бастап қолайсыз ауа райына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты "Екатеринбург-Алматы" а/ж 1492-1854 шақырымы "Қарағанды-Балқаш" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысы.
Кеше сағат 20.10 бастап Қарағанды облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты "Екатеринбург-Алматы" а/ж 1284-1353 шақырымы "Жібек жолы-Қарағанды обл. шекара" аралығында қоғамдық және жүк автокөліктерінің түрлеріне жол қозғалысына шектеу қойылды.

Бүгін сағат 07.00 бастап қолайсыз ауа райына (боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты "Астана-Петропавл" а/ж 18-232 шақырымы "Астана қ.-Щучинск" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар