Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадан екі бағыт бойынша шығатын жол жабылды

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - 11 наурыздың сағат 06:00-дегі жағдай бойынша ауа райының күрт нашарлауынан (көктайғақ, бұрқасын, нашар көрінушілік) «Астана-Щучинск», «Астана-Павлодар» тас жолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ақмола облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (бұрқасын, нашар көрінушілік) байланысты «Щучинск-Астана» тас жолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Павлодар облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (бұрқасын, нашар көрінушілік) байланысты «Шідерті-Астана», «Шідерті-Қарағанды» көлік жолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (бұрқасын, нашар көрінушілік) байланысты облыстық және республикалық маңызы бар көлік жолдарындағы қозғалыс жабылды: сағат 18:00-ден бастап «Өскемен-Зырян» (58-35 шақырымдар), «Алтай Альпілері-Солтүстік» (37-64 шақырымдар), «Теректі-Ұрынқай-Төсқайың» (0-91 шақырымдар), «Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Белағаш-Дмитриевка» (0-64 шақырымдар), «Новопокровка-Петропавловка-Зұбайыр-РФ шекарасына дейін (0-41 шақырымдар) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Соңғы жаңалықтар