Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Атырауда мұз құрсауына түскен балықшыларды құтқару уақытша тоқтатылды

ЫРАУ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда Каспий теңізінде қайықтары мұз құрсауында қалған балықшыларды құтқаруы тиіс тішұшақтар ауа-райының қолайсыздығына байланысты әуеге ұша алмады.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, теңізде қиын жағдайға душар болған балықшыларды құтқару операциясы Атырауда кеше басталып, түнге дейін жалғасқан. Әзірге құтқарылғандар саны 64 адам.

Атырау облыстық ТЖ жөніндегі департамент бастығы Болатбек Омаров хабарлағандай, теңізде адамдардың қиын жағдайға душар болғаны туралы ақпарат балық шаруашылықтарының бірінен келіп түсті. Каспий теңізіне шыққан балықшылардың қайығы мұз құрсауында қалды. Одан кейін пайда болған қатты жел қайықты мұзбен бірге жағалаудағы қамыс арасына шығарып тастады. Шамамен алғанда балық аулауғ 100 балықшы шыққан.

Кеше қараңғы түсе тоқтаған құтқару шарасын бүгін таң ата қайта жалғастыру жоспарланған. Теңізде шамамен алғанда әлі күнге дейін кем дегенде 30 адам көмек күтуде.

Бүгін Атырауда ауа-райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Қар-аралас жаңбыр жауып тұр. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, күн райы қалпына келісімен, балықшыларды құтқару операциясы жалғасады.

Соңғы жаңалықтар