Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 4 облысында жол қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 27 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында жол қозғалысы шектелді, деп хабарланды ҚР ІІМ ТЖК ресми сайтында.
Ақмола облысында "Екатеринбург-Алматы" автожол учаскесінде (1275-1353км) дизель және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Ал, Қарағанды облысы бойынша барлық бағытқа барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Қызылорда облысында «Кызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасына дейінгі» (12-216 км) учаскеде дизель және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша Шідерті және Баянауыл, Қарағанды облысы шекарасына дейін дизель және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.