09:17, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысында барлық бағыттар бойынша жол жабылды
АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысында барлық бағыттар бойынша жол жабылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, көктайғақтың болуы себепті кеше, қаңтардың 4-і күні сағат 18.30-дан бастап, облыстан барлық бағыттар бойынша және көліктің барлық түрлеріне алыс жолға шығуға тыйым салынды.
Сондай-ақ «Қазгидромет», қаңтардың 5-і күні түнде Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан қатты жел тұратындығын, оның екпіні 18-23, кей уақыттары 28-33 м/с-қа дейін жететіндігін ескертіп отыр.