12:40, 26 Наурыз 2013 | GMT +5
Ауа райының қолайсыздығына орай бірқатар өңірде жолдарда қиындықтар туындауы мүмкін
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті 26-28 наурыз күндері ауа райының қолайсыздығына орай бірқатар өңірде жолдарда қиындықтар туындауы мүмкіндігін ескертеді.

Атап айтқанда, Қазгидромет ақпаратына сәйкес, 26 наурыз күні Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында жаңбырдың артынша қар жауып, тұман түсуі мүмкін.
26-27 наурыз аралығында Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 27 наурызда Павлодар облыстарында жауын-шашын түсіп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -7, -12, кей жерлерде -17 градус суық болады. Жолдар тайғақ болуы мүмкін.
«Жол полициясы мұндай жағдайда жүргізушілерге жылдамдықты міндетті түрде төмендетуді әрі көліктер арасындағы ара қашықтықты алшақ ұстауды кеңес етеді», - дейді Жол полициясы комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина.