10:20, 22 Наурыз 2014 | GMT +5
Ауа райының қолайсыздығынан 2 облыста көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына орай еліміздің екі облысында республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтқанда, боран тұрып, жолдың көрінбеуінен Ақтөбе облысына қарасты «Ақтөбе-Орск», «Самара-Шымкент», «Қарабұтақ-Комсомол» жолдарында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды
Ал Қостанай облысында «Денисовка-Қамысты-Ақтөбе облысының шекарасы», «Әулиекөл-Жалдама» жолдарында да ауа райының қолайсыздығына орай көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіліп отыр.