16:54, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Аудан басшысы қарияларға құрмет көрсетті
ОРАЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-дағы Жаңақала ауданының әкімі Тимур Имашев аудандағы алты соғыс ардагерінің бірі, Мұқыр ауылында тұратын Кәрім Ешкаевтың үйінде болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан басшысы майдангерді алда келе жатқан Жеңіс мейрамымен құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Т.Имашев сондай-ақ аудандағы жүз жасағандардың бірі, 102 жастағы Қибат Сағитоваға да сәлем беріп, құрмет көрсетті. Соңынан ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіліп, осы елді мекенге қатысты мәселелер талқыланды.