Аудандағы шағын кәсіпкерлік нысандары бюджетке 31 миллион теңге құйды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында өткен жылы шағын және орта бизнес нысандарынан бюджетке 31 миллион теңге қаржы аударылды, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға жоғары,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ауданда бүгінгі таңда өз несібесін кәсіпкерлік арқылы тауып отырғандардың қатары екі жарым мың адамға жетіп отыр. Өңірде 1 мың 112 кәсіпкерлік нысан тіркелген болса, өсім 2007 жылмен салыстырғанда 9 пайызды құрайды. Жыл ішінде сала бойынша екі жарым миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілген. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы өткен жылы жалпы сомасы 4 миллион теңгені құрайтын 7 бизнес-жоспарды, ал «Даму» қоры өкілдігі 75 миллион теңгенің үш жобасын іске асыруға қаржылай көмек көрсеткен.
Соңғы жаңалықтар