Аудандардағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстары жетілдірілуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің  Қарасай аудандық филиалы 2009 жылдың екінші тоқсанында «бір терезе» ұстанымы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде жеке және заңды тұлғалардан 24 327 қабылдап, 22 709 дайын құжаттар берген,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халыққа қызмет көрсету» мемлекеттік мекемесі Қарасай аудандық филиалының  операциялық зал бастығының орынбасары Альбина Сәлібекованың айтуынша, осы жылдың  басында мекемеге тұрғылықты жерінің мекен-жайы туралы анықтама беретін мемлекеттік қызмет түрі берілген. Қызметтің бұл түрін бұрындары Алматы қаласындағы мекен-жай бюросы жүзеге асыратын. Бұдан былай аталған анықтама алу үшін Қарасай ауданының тұрғындары Алматыға сабылмайтын болды.

Сондай-ақ Қарасай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында  келушілерге Тіркеу комитетіне телефон шалып, ҚР Әділет министрлігінен құқықтық көмек алуларына және өздерін толғандырған сауалдарға жауап алуларына  жағдай жасалып, арнайы телефон орнатылған.

Соңғы жаңалықтар