12:17, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Аудандық демалыс орталығының директорынан мемлекетке келтірілген залал өндіріліп алынды
ОРАЛ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Тасқала аудандық демалыс орталығы» МҚКК директоры Ғилман Оразалиев қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекетке 166 909 теңге залал келтірген.
Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Ғ.Оразалиев А.Шауенованы Мереке ауылдық мәдениет үйі киноқондырғысының бақылаушысы ретінде жұмысқа қабылдап, аталған азаматша бұл қызметті мүлдем атқармаса да, оған заңсыз еңбекақы төленіп отырған.
Тасқала аудандық соты Ғ.Оразалиевті ҚР ҚК 307-бабы, 1-бөлімі және 176-бабы, 3-бөлімі, «г» тармағы бойынша кінәлі деп тауып, бір айлық еңбекақысы мөлшерінде айыппұл салу жөнінде үкім етті. Сондай-ақ одан 166 909 теңге өндіріліп алынды.