Аудандық мәслихаттың бұрынғы депутаты сотталды

ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысы Қамысты ауданының соты «Таза су» мемлекеттік бағдарламасының тиісінше орындалмауына қатысты іс бойынша үкім шығарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудандық мәслихаттың бұрынғы депутаты ? «Қамысты» МКК директоры Вадим Төлегенов, сондай-ақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы бастығы Виталий Козлов қызмет бабын жолсыз пайдаланғаны үшін айыпталып отыр. Олар «Қамысты» МКК үшін артықшылық пен тиімдік алу мақсатында орындалған жұмыстарды қабылдау актісінде көрінеу бұрмалап көрсеткен. Сөйтіп, «Қамысты» МКК директоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы мемлекетке 2,5 млн. теңгеден астам материалдық зиян келтіріп, заңмен қорғалатын қоғам мүддесін елеулі бұзуға жол берді. Сот үкімімен В.Төлегенов пен В.Козлов екі жыл сынақ мерзімімен 7 айға шартты түрде бас бостандықтарынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Соңғы жаңалықтар