15:57, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Аудандық прокурорларды ҚР Жоғарғы соты қолдады
АТЫРАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында Жылыой аудандық прокуратурасының талабымен «Эко Иншаат ве Тиджарет ЛТД» шетелдік компаниясы бюджетке 31 миллион теңге айыппұл төледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Компанияға айыппұл санкциясы Қазақстан заңнамасының өрескел бұзылуына орай салынды. Компания автожол салуда карьерлерді заңсыз игеруге жол берген. Аудан прокуратурасы ауданаралық экономикалық сотқа кәсіпорыннан 31 миллион теңге өндіріп алу жөнінде талап-шағым берді. Талап қанағаттандырылды. Алайда облыстық соттың қадағалау алқасы шешімнің күшін жойды. Бірақ та аудандық прокурорларды ҚР Жоғарғы сотының қадағалау алқасы қолдады. 31 миллион теңге көлеміндегі қаржы бюджетке түсті.