Аудит: «Бәйтерек» ғарыш жүйесіне қарастырылған 81 млрд теңгенің төрттен бірі ғана игерілген

АСТАНА. KAZINFORM — Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржанов Мәжілістегі отырыста «Бәйтерек» ғарыш жүйесіне бөлінген қаражаттың жоспарды орындауға жеткіліксіз болып жатқанын баяндады.

Аудит: «Бәйтерек» ғарыш жүйесіне қарастырылған 81 млрд теңгенің төрттен бірі ғана игерілген
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

— «Бәйтерек» ғарыш жүйесіне қатысты айтсақ, біз 5 жыл сараптама жасадық. Жалпы бұл жердегі үрдіс бекітілген бюджетте қарастырылған қаражат бюджетті нақтылаған кездерде азайтуға жиі ұшырайды. Мысалы, 5 жылда 81 млрд теңге қарастырылғанымен, соның 40 млрд теңгесі ғана қалдырылған. Енді осы соманың тек 21 млрд теңгесі ғана орындалған. Сонда 81 млрд теңгенің төрттен бірі ғана игерілген. Осылайша 2028 жылға межеленген жоспардың орындалатынына күмәніміз бар, — деді Нұрлан Нұржанов.

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» акционерлік қорында жүріп жатқан аудиттің аяқталатын уақытын атады.

— «Самұрық-Қазына» қорына жүргізіп жатқан аудит шілде немесе тамыз айында аяқталады. Сол кезде кемшіліктерге жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы ұсынымдарды тиісті органдарға береміз, — деді палата мүшесі.

Сондай-ақ, ол Үкімет былтыр бюджеттің шығыс бөлігін 13 рет өзгерткенін атап өтті

Соңғы жаңалықтар