Аудит: Жоспардағы 858 ауылдың ешбіріне кеңжолақты ғаламтор тартылмаған
АСТАНА. KAZINFORM –«Қолжетім интернет» ұлттық жобасының атына заты сай болмай тұр. Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржановтың Мәжілісте оқыған баяндамасынан осыны аңғаруға болады.

— 2024 жылы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының көрсеткіштерінің тек 33 пайызына қол жеткізілді. Жоспарланған 751 мың тұрғыны бар 858 ауылдың ешқайсысы талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы кеңжолақты интернетпен, ал 35 мың тұрғыны бар 328 елді мекен спутник арнасымен қамтамасыз етілмеген, — деді палата өкілі.
Нұрлан Нұржанов былтыр жекешелендіру қарқыны төмендеп, небәрі 14 объект сатылғанынан еске салды.
— «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы сатып алу тәртібіне жиі өзгерістер енгізетіні байқалады. Орта есеппен әр екі сайын өзгерістер енгізіп келген, — деді ол.
Сондай-ақ, ол Үкімет былтыр бюджеттің шығыс бөлігін 13 рет өзгерткенін атап өтті.