Аудиторлық тексеру: Қаржылық сәйкессіздіктер 2 есеге артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінде мемлекеттік аудитті іске асыру әрі одан әрі жетілдіру тақырыбындағы Үкімет сағатында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов аудиттік тексерулердің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Осы саладағы әдіснамалық негіз қамтамасыз етілді. Есеп комитеті - 21 және Қаржы министрлігі - 15 Заңға тәуелді актілерді уақтылы әзірлеп бекітті. Осы жаңа әдіснама бойынша Дүниежүзілік банктің қолдауымен 230 мемлекеттік аудитор оқытылды.

Шексіз тексерулерді болдырмау мақсатында аудит объектілерінің тізбелері Есеп комитетімен, тексеру комиссиялары мен және Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетімен өзара келісу арқылы дайындалды. Сондай-ақ, барлық аудиторлық тексерулер нақты мәселеге бағытталып тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жоспарланды.

Осылайша, 2016 жылы Ішкі қаржылық аудит комитетінің жоспарлы тексерулер саны 10 есеге, ал 2017 жылы 18 есеге азайтылды (2015 жылы - 3268 тексеріс, 2016 жылы - 313, 2017 жылы - 183). Сонымен қатар, тексерулерге шектеу қойылатындықтан соңғы екі жылда біз бекіткен жоспар тізбесін кеңейтпеуге тырыстық», - деді Б. Сұлтанов.

Оның сөзіне қарағанда, жоспарлы тексерістердің саны аз болғанымен, олардың нәтижелігі жоғарылады. Осы жылдың 9 айының көрсеткіштеріне сәйкес, тексерілген 1,4 трлн теңгенің 40 пайызы бойынша бұзушылықтар анықталған. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 30 пайызды құраған еді.

«Осы кемшіліктер рәсімдік емес, олардың 43 пайызы қаржылық сәйкессіздіктер. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдарға қарағанда 2 есеге артты», - деп тоқталды министр.

Белгілі болғандай, ақпараттық жүйелерге сүйене отырып, 2016 жылы - 973 және 2017 жылы - 374 аудиторлық тексеру жүргізілді. Қазынашылық жүйенің көмегімен қысқа мерзімдік төлемдерге және көрсетілмеген қызметтерге аудит жүргізілген. Алдын алудың да жаңа құралдары іске асырылды. Қазынашылықтың деректерін пайдалана отырып, құрылыстың тәуекел нысандары анықталды, мұнда іс жүзінде орындалмаған жұмыстар көлемі үшін төлем белгіленді. Аудит нәтижелері бойынша 13 материал құқық қорғау органдарына берілді. Демек, тексерулер тікелей обьектілерге шығу арқылы емес жұмыс орнында ақпараттық жүйелерге сүйеніп жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік аудит жүргізудің тәсілдерін оңтайландыру, ретсіз тексерулерді болдырмау және мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды қамтамасыз ету үшін бірыңғай дерекқор жұмыс істей бастады.

Бүгінгі күні бірыңғай дерекқорға енгізу үшін 6739 аудиторлық құжаттар жіберілген. Оның ішінде Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бойынша 6198, ал мемлекеттік органдардың Ішкі аудит қызметтері бойынша - 541 аудиторлық ақпарат енгізілген.

«Бұзушылықтарды алдын ала анықтау, оларға жол бермеу және мемлекеттік аудит нысандарына әкімшілік жүктемені азайту үшін ақпараттық жүйелер деректері негізінде мемлекеттік аудит объектісіне бармай, ішкі мемлекеттік аудит комитетімен және оның аумақтық бөлімшелерімен камералық бақылау жүзеге асырылды.

Осы жұмыстың арқасында 2017 жылдың 9 айында бір аудиторға шаққанда мемлекеттік сатып алудың 935 рәсімдері тексерілді. Заң қабылданғанға дейін бір ревизор жылына тек 12 тексеру жүргізуді жүзеге асырған болатын. Бұдан басқа, 2017 жылдың өзінде ғана 597 млрд теңгенің, ал 2 жыл ішінде 1 трлн теңгеден артық сомаға бұзушылықтардың алуға мүмкін болды. Бұзушылықтарды өз еркімен жойғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен шамамен 30 000 лауазымды тұлғалар босатылды», - дейді Б. Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар