Әуе апатына ұшыраған ана мен бала бес күнін қалың орманда өткізген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас ана баласымен Колумбиялық Альто-Баудо муниципалитеті аумағындағы қалың орманда болған жеңіл моторлы Cessna ұшағының апатынан кейін құтқарушылар оларды тапқанша, бес күн сол жерде күнелткен.

18 жастағы Нелли Мурильо жеңіл жарақаттанған. Құтқарушылар бұған таңданыстарын жасыра алмады. Ал бір жасар баласы Юдиэр Морено дін аман.

Екі моторлы ұшақ сенбіде Альто-Баудо муниципалитеті - Кибдо қаласы әкімшілік орталығынан елдің тынық мұхиты жағалауындағы Никиге ішкі рейспен ұшқан.

Ұшқыш Карлос Марио Себальос ормандағы апат кезінде қаза тапты. Бұл келеңсіз жағдайдың себептері әзірге белгісіз.

Қазір анасы мен баласы Кибдодағы ауруханада жатыр, деп хабарлады Би-би-си.

Соңғы жаңалықтар