Әуе апатынан аман қалған қақпашы протез аяқпен гол соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның «Шапекоэнсе» командасының әуе апатынан аман қалған қақпашысы Жаксон Фолман қайырымдылық матчына қатысып, гол соқты, деп хабарлайды Losandes.com .
None
None

Қайғылы оқиғадан кейін футболшыға протез аяқ салынған болатын. Кездесуде қақпашы голды сол жасанды аяғымен соқты.

Қайырымдылық матчына бір жыл бұрынғы жан түршігерлік апаттан аман қалған тағы екі футболшы Русшел мен Нету де қатысты.





Еске сала кетсек , 2016 жылғы 28 қарашада Колумбияда 72 жолаушы мінген ұшақ құлады, оның ішінде бразилиялық "Шапекоэнсе" футбол клубының ойыншылары болған. «Шапекоенсенің» екі қақпашысы Данило (ауруханада қайтыс болды) мен Жаксон Фолман және екі қорғаушысы Алан Русшел мен Нету, сондай-ақ тағы бірнеше адам құтқарылған еді.

 

Соңғы жаңалықтар