Әуе компанияларына субсидиялар мен бонустар: Өзбекстан туризмді қолдауды күшейтпек

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстанда елді қауіпсіз туристік бағыт ретінде ілгерілету үшін ауқымды науқан басталады, деп хабарлайды Kazinform.

Узбекистан усиливает поддержку туризма на фоне глобальной нестабильности
Фото: Uzbekistan.travel.

Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Самарқан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте мәлімдеді. https://president.uz/ru/lists/view/9025

- Өздеріңіз көріп отырғандай, жаһандық тұрақсыздыққа байланысты жеткізу тізбегіндегі үзілістер, мұнай бағасының өсуі және көлік шығындары азық-түлік бағасына табиғи түрде әсер етіп отыр. Сонымен қатар шамамен 100 млн турист сапарлау үшін қауіпсіз және сенімді бағыттарды іздейді. Мұндай жағдайда азық-түлік өндірісін арттыру және туризм мен қызмет көрсету саласындағы мүмкіндіктерді толық пайдалану хокимдердің басты мақсаты болуы керек, - деді ол.

Сәуір айында туроператорларға қолдау көрсететін «Өзбекстандағы ашық туризм маусымы» жарияланады. Осылайша, 1 сәуірден бастап үш ай бойы олар тартылған әрбір 1000 шетелдік турист үшін 5 мың АҚШ долларына дейін субсидия беріледі. Қосылған құн салығының жартысы кэшбэк ретінде қайтарылады.

Әуе тасымалын ынталандыру үшін қаржылық шаралар қарастырылған: жаңа бағыттарды ашатын әуе компаниялары тартылған әрбір шетелдік турист үшін 100 АҚШ доллары төленеді. Бұдан басқа, оларға әуежай қызметтеріне 20% жеңілдік ұсынылады.

Сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы белсенді түрде ілгерілету жоспарланған: 5 млн-нан астам жазылушысы бар 50 шетелдік блогерге Өзбекстанға жеті күндік тегін тур пакеттері ұсынылады.
Осыған дейін Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол тасымалы екі есе артатыны хабарланды

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заңға қол қойғанын хабарладық

Соңғы жаңалықтар