Әуе қорғанысы күштері кәсіби мерекесін атап өтті

Әуе қорғанысы күштері Мемлекет басшысының 1997 жылғы 17 қарашадағы Жарлығымен құрылған.
Әуе қорғанысы күштерінің алдына еліміздің әуе шекарасын қорғау, мемлекеттік, әкімшілік және әскери нысандарды әуе шабуылына қарсы қорғау, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің басқа түрлері мен тектерін авиациялық қолдау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау міндеттері қойылған.
Әуе қорғанысы күштерінің құрамына Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері және әуе қозғалысын басқару органдары кіреді.
Әуе қорғанысы күштерін құру жауынгерлік әзірлік мәселелерінде, ең алдымен оның техникалық құраушысы мен жауынгерлік даярлығында алға қадам жасауға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда Әуе қорғанысы күштерінде жоспарлы түрде жауынгерлік есептоптарды үйлестіру, барлық ұшу құрамының сыныптық біліктілігін арттыру, жоғары пилотаж өнерін меңгеру, шынайы ұрыс жағдайында авиация және зениттік-зымыран кешендерін қолдана білуге даярлау жөніндегі қарқынды жұмыс жүргізілуде.
ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштері қазіргі заманғы МиГ-31, Су-27, «С-295» ұшақтарымен, Ми-24 жауынгерлік тікұшақтарымен, Ми-8, Ми-17 и Ми-26 әскери-көліктік ұшақтарымен және «Еврокоптер ЕС-145», «Хьюи-2» ұшақтарымен қаруланған.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері қуатты әрі заманауи зениттік-зымыран кешендерімен жарақталған.
Бүгінгі таңда Әуе қорғанысы күштері Қарулы Күштеріміздің ең ұтқыр және техникалық жағынан жарақталған түрі болып табылады. Оның күнделікті тыныс-тіршілігі жауынгерлік жаттығулармен, авиацияның ұшуларымен және зениттік-зымыран әскрлерінің жауынгерлік атыстарымен, мемлекетіміздің әуе кеңістігін күзету жөніндегі жауынгерлік кезекшілікпен толыққан.
Әуе қорғанысы күштерінің жауынгерлері өздерінің қол жеткізген табыстарымен еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға лайықты үлес қосып келеді және олар еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығының сенімді қорғанысында тұр.