Әуе парадын қазақстандық шабуылдаушы Су-27 ұшақтары ашты - «Бейбіт миссия-2014» (ФОТО)

Екі апта бойы ШЫҰ-на қатысушы елдердің әскери контингенттері бірлесіп әскерлерді басқару, өзара әрекет ету, жауынгерлік үйлесімдік қимылдары жөніндегі сұрақтарды пысықтады.
Шешуші кезең - штаб басшылығының, әскери ұжымның және қамтамасыз етуші барлық қызметтердің бұған дейінгі жұмысын түйіндейтін жаттығудың аса маңызды кезеңі болып саналады. Жаттығудың жабылу рәсімі кезінде сөз сөйлеген Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақов аталған жаттығудың мүмкін болатын қауіп қатерлерге, тек біздің елімізге ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастыққа да өзекті - терроризм, экстремизм, сепаратизмге қарсы тұру үшін маңызды екенін атап өтті. Жаттығудың жабылу рәсімі барысында әуе парады өткізілді, оны қазақстандық шабуылдаушы Су-27 ұшақтары ашты. «Бейбіт миссия-2014» антитеррорлық бірлескен оқу-жаттығуы ШЫҰ шеңберінде осымен жетінші рет өтіп, оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Қарулы күштерінің әскери бөлімшелері қатысты. Жаттығуға жеті мыңға жуық әскери қызметшілер,бір жарым мыңнан астам қару жарақ пен әскери техника ұшақтар мен тік ұшақтар пайдаланылды.