Әуе және темір жол көліктеріндегі қылмыс көлемі 10,9 пайызға азайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы көлік полицейлері жедел алдын алу шараларының арқасында әуе және темір жол көліктеріндегі қылмыстардың көрсеткішін 10,9 пайызға азайтып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланып отырғандай, бір жылдың ішінде көлік полицейлері ауырлығы орташа қылмыстарды 34,9 пайызға, аса ауыр қылмыстарды 33,3 пайызға, ауыр қылмыстарды 14,7 пайызға азайтқан. Қазақстан Республикасының ІІМ көліктегі полиция департаментіінң бастығы, полиция полковнигі Амандық Қабылов осындай көрсеткіштерді алға тартып отыр.

«Департаменттің негізгі басымдықтарының бірі - азаматтарымыздың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Менің ойымша, біздің жұмысымыз қарқынды, күнделікті жұмысқа негізделуі керек. Әрбір полиция қызметкері мұны жақсы түсінетініне сенімдімін», - деді Аманжол Қабылов.

Департаменттің есебі тыңдалған отырыс барысында ведомствоның жетекші аппараттары мен бірқатар желілік бөлімдердің баяндамалары тыңдалды. Олардың есебіне сенсек, өткен жылы департамент бөлімдерінің қызмет көрсету аймағында барлығы 2446 құқықбұзушылық тіркелген. Оның 1403-і - қылмыс болса, 1043-і - заңбұзушылық ретінде тіркеліп отыр. Қылмыстың ашылу деңгейі - 74 пайыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram