Әуесқойлар iPhone 6s Plus пен Galaxy S7 edge смартфондарын күшпен майыстырып сынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube видеохостингінің EverythingApplePro арнасында жарияланған видеода әуесқой зерттеушілер аталған екі смартфонды қолмен майыстырып көруге тырысқан.
Қолдарына былғары биялай киген әуесқойлар iPhone 6s Plus пен Galaxy S7 edge флагмандарының қайсысы бірінші сыр беретінін анықтауға әрекеттенді.
Сынаққа бұған дейін дроп-тестілерге пайдаланылған, сырты сырылған тұстары бар смартфондар пайдаланылды.
Apple смартфоны бұрынғы нұсқасына қарағанда иілгіштеу болып шықты. iPhone 6s Plus 31 келі шамасындағы күшке шыдас берді. Алайда бұл оның қарсыласына қарағанда төмен көрсеткіш.
Еске сала кетсек, соңғы флагман смартфондар барынша жұқа әрі дисплейі үлкен жасалғандықтан қалтаға салғанда майысып істен шығады, деп пайдаланушылар тарапынан сынға қалған болатын.