Әуежайдағы қызмет көрсету орындарының бағасына шағым көп

әуежай
Фото: Астана халықаралық әуежайы

АСТАНА. KAZINFORM – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп, әуежайдағы қызмет көрсету орындарының бағасын реттеп жатыр. Бұл туралы аталған агенттік төрағасы Марат Омаров айтты.

«Әуежайдың арнаулы аймақтарындағы қызметке, шай, кофе және басқаларының қымбат болуына қатысты шағым бар. Осыған орай қазіргі уақытта Азаматтық авиация комитетімен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл негізінінен Алматы мен Астана қаласына қатысты», - деді Марат Омаров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тәуелсіз жеткізушілердің әуежайға кіруіне мүмкіндік алып берген. Дәл осы жайт жағдайдың жақсаруына септігін тигізіп отыр.

«Біз үшін басты индикатор – бағаның қаладағыдай болуы. Әсіресе, Sturbucks сынды брендтер. Бұл біз үшін Табиғи монополияларды реттеу комитетімен бірге қарастыратын жайт. Өйткені, әуежайлар табиғи монополияға кіреді», - деді агенттік төрағасы.

Соңғы жаңалықтар